right-bg

Құттықтау тілектері

Құрметті Динар Жүсіпәліқызы! Сіздерді Университеттің 70 жылдық мерейтойымен және келе жатқан 2015 жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.Мен осы қара шаңырақтың 2010 жылғы түлегімін. Аталмыш Университетімді сағына отырып, педагогика психология факультеті, Арнайы және Әлеуметтік педагогика кафедарсының оқытушыларына үлкен алғысымды білдіремін.Дефетология мамандығының қыр -сырын үйреткен ұстаздарыма және барлық Университет қызметкерлерінің отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс, Университтің атақ-даңқын бүкіл әлемге паш етіңіздер дегім келеді. Қара шаңырақтың аяулы да ардақты Анасы Динар Жүсіпәліқызы, сіз басшылық жасап отырған оқу ордасы мен үшін әлемдегі ең керемет оқу орны. Сізге де зор денсаулық, амандық, барлық Жаңа 2015 жыл сізге жаңа табыстар әкелсін.
Игі тілекпен: БҚО,Бөкей Ордасы ауданы, Бисен Жаникешев атындағы ЖББОМ дефектологі Кулбаев.Г.С

Кулбаева Гульжан

uzor-line

От всей души поздравляю университет с этой знаменательной датой

Уба Нургалиева

uzor-line

Құрметті университет басшылығы, университет ұжымы және студенттер қауымы! Алтын ұямыздың 70 жылдық мерейтойы барлығымыз үшін құтты болғай! Жаңа технологиялармен жаңару үстіндегі оқу ошағымыз алдыңғы қатарлы, әлемдік деңгейдегі беделді университет қатарына қосылғай! Өзім білім алған 2010-2014 жылдар аралығында университет қабырғасында білім алумен қатар, өмірлік те, өнегелік те сабақ алдым. Қазіргі таңда сіздер сусындатқан білімді мектеп оқушыларына жеткізудемін. Сіздерге алғысым шексіз, базасы бағдарлы да терең, ұжымы дана да көркем университетіміз өзгелерге шуақ шашып, өз қазынасымен байытсын!

Ақжұлдыз Алибек

uzor-line

Аса құрметті Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаева бізге ұйытқы болып отырған қара шаңырағымыздың 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Сонау сұрапыл соғыс жылдарында ұлтымыздың зиялы қауымы тарапынан қолдау тауып, тамыры бекіген университетіміз араға қаншама жыл салып, көркейіп, дамуын жалғастыруда. Қазіргі таңға дейін білім ордасы қарапайым ауыл қыздарының санасын ашып, біліктілігін арттыруда үлкен жұмыстар атқаруда. Елбасымыздың: "бір ананы тәрбиелеу  ̶  бір ұлтты тәрбиелеумен тең" деген осы бір сөзі университетіміздің білім беру үдерісіне асқан жауапкершілік жүктейді.  Дей тұрғанмен де, университет ұжымы өз міндеттерін деңгейінде орындауда.  Бұл орайда университет ұжымына және СІЗГЕ айтар алғысым шексіз! Ұлт зиялысы, ғұлама ғалым, заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов университетіміздің ашылуы қарсаңында: "Алла жазса бұл шаңырақ - қазіргі және келешектегі қазақ қыздарының шамшырағы болады, осы шамшырақтың жарық сәулесі ешқашан сөнбесін дейік" - деген тілегі қабыл болып, бүгінде университетіміздің қоғамда орны бөлек. Қазіргі таңда қасиетті шаңырағымыздың түлектерінің білім сапасы да жоғары деңгейде. Міне, өзім де биыл 3-курс студентімін. Студенттердің білім алуы кезеңінде барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген ордамыз  - біздің мақтанышымыз! Болашағы жарқын университетіміздің, бұйыртса, нағыз мықты, жоғары санаттағы кадрлар дайындайтын оқу ордасы боларына сенімім мол... Және бұл жолда сіздерге табыс тілеймін! Рахмет!

Нәзерке

uzor-line

Құрметті парасат мектебі атанған киелі шаңырағымыздың ректоры Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызы!!!
Сізді асыға күткен университетіміздің 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!Шаңырағымыз әрдайым биіктен көріне берсін!Университет белсенді жастарына сенім артып, төс белгі тағып, қыздарыңызды алғыс хатпен марапаттағаныңыз үшін сізге алғысымыз шексіз! Біз, белсенді студенттер, сіздің сеніміңізді ақтаймыз!

Жұмабаева Әйгерім

uzor-line

Құрметті,қасиетті қара шаңырақ-Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің ректоры Динар Жүсіпәліқызы және университет ұжымы және студенттер, сіздерді университетіміздің 70 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.Еңбектеріңізге жеміс, толағай табыстар, отбасыларыңызға амандық тілеймін.70 жылдық мерейтойымыз аясында Педагогика және психология факультетінде де көптеген іс-шаралар, игі істер ұйымдастырылған болатын.Факультетіміздің 30-40 жылдық түлектері,басшылық ұжымы, әлеуметтік жағдайы төмен,сонымен қатар, факультеттің белсенді студенттеріне ақшалай сыйлық ұсынды.Осындай игі істердің ұйымдастырылуына басшылық еткен факультетіміздің деканы Жиенбаева Сайра Нағашыбайқызын 70-жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтай отырып,зор алғысымызды білдіреміз.Факултьтетіміз үшін жасап жатқан игілікті істеріңізге рахметімді айтып,еңбегіңіздің жемісін көріңіз демекпін.

Әмірова Кәмшат

uzor-line

Шын жүрекпен мерей тоймен құттықтаймын!

Ешенкулова Мадина

uzor-line

Аса қадірлі, ДИНАР Жүсіпәліқызы және Университет ұжымы! Осыдан 4 жыл бұрын үлкен өмірге енді ғана аяқ басып, КИЕЛІ Қыздар университетіне келіп оқуға түстім. Содан бері Университетім танымастай болып өзгеріп,бізге жаңа мүмкіндіктер ашылып, күннен күнге көрейіп келеді.Университетімнің студенттерге барлық жағдай жасалған,барлық мүмкіндігі бар, студенттердің айтылған барлық ұсыныстары ескерілетін жалғыз университет екенін сеніммен айта аламын, сонымен мақтанамын! Сізді және университет ұжымын биылғы 70 ЖЫЛДЫҚ мерейтоймен шын жүректен құттықтай отырып, үлкен жетістіктер, табыстар тілеймін. Университет мәртебесі қашан да биіктен көріне бергей! Біз белсенді студенттер университет абыройы үшін, бар күш жігерімізді аямай, сарп етуге қашанда дайынбыз. Сізге студенттерге және университетке сіңірген еңбегіңіз үшін мың алғыс. Еңбегіңіз жана берсін!

Сая Әбдіғаппар

uzor-line

МЕН қуаныштымын.Өйткені Қыздар Университетінің 70жылдығына тура келдім. Студенттерге көп жағдай жасалған.Мұндай жағдайлар еш университетте жоқ деуге әбден болады.

Дана

uzor-line

«АТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН, ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ!» жыр мүшайрасына қазақ қызының жиынтықталған бейнесін өлеңмен былайша жеткізгім келеді.

Атыңнан айналайын Қазақ қызы
Ибалы, инабатты, иман жүзді
Кішіпейіл, кеңпейіл, еркетайым
Жанашыр, жаны жұмсақ, жүрегі ізгі
Үлкенге ізет, кішіге құрмет қылар
Өмірлік ұстанымы ұят пен ар
Қүшағы мейірім мен нұрға толы
Аяулы ана, ақ адал сүйікті жар
Қазақ қызы бар сенің қасиетің
Үлкендерді пір тұтып, бас иетін
Сіңірген болмысына жас ұрпақтың
Өнегелі бабалар өсиетін
Қазақ қызы білікті, қолы епті
Ісмер, батыл,ержүрек , сөзі өткір
Дана да, көрегенде қазақ қызы
Сақтаған салт – дәстүрді, ата - текті

Жан Ғазиз

uzor-line

Яндекс.Метрика